Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген білім берудің әрбір деңгейі бойынша ғылым жүйесінің стандартқа сай негіздерін игеру негізінде тұлғаның құзыреттілігін, жан-жақты дамуын және кәсіби бағдарлануын қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдап, білім сапасын арттыру, оқушылардың фунционалдық сауаттылығын жетілдіру. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы нәтижелі, тәрбие негіздері – құндылықтарға сай сапалы білім бере отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.



Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын негізге ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалы білімді әрбір оқушынының меңгеруін қамтамасыз ету;
- Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуға жағдай жасау;
- Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру;
- Оқытуды оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы бағдарламалар құру, ғылыми әдеби оқулықты пайдалану, дидактикалық материалдармен оқу әдістемелік кешен құру;
- Білім беру бағытының жекеленуін нақтылау (жаңа ақпараттық технологиялар);
- Білім мазмұнын жаңарту (вариативтік, тереңдетіліп оқытылатын қосымша пәндер енгізу);
- Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау, нығайту, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мектеп жұмысын жетілдіру;
- Әр оқушының білім деңгейін көтеруге шығармашылық қабілеті мен мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген диагностика жүйесін жетілдіру;
- 1-10 сынып оқушыларының білім деңгейіне байланысты қосымша дайындық жұмыстарының әдіс–тәсілдерді жетілдіру;
- Ғылыми–практикалық және ізденіс және жобалық жұмысты жалғастыру, оқушылардың интеллектауалдық, логикалық ойлау дамуының жаңа формаларын құру және қолданысқа енгізу;
- Дарынды оқушыларды педагогикалық–психалогиялық сүйемелдеу, қолдау жұмыстарын жүргізу арқылы «Дарынды оқушының моделіне» сай тұлғаны қалыптастыру;
- Оқушылардың құзіреттілігін бақылау деңгейін жеке портфолио арқылы жетілдіру.
2024-2025 оқу жылы құжаттары