Сіздің балаңыздың қабілетін Seitzhan School-да ашыңыз!

Seitzhan School — сапалы білім беру жүйесі мен жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға басымдық беретін мектеп. Біз академиялық жетістіктермен қатар, тәрбие мен жауапкершілікке ерекше көңіл бөліп, оқушыларымызды үйлесімді дамуға тәрбиелейміз.

Оқу бағдарламасының ерекшеліктері:

  • BIL жүйесінің озық тәсілдерін қолдану;
  • Ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқыту;
  • Түрік тілін оқыту бағдарламасына енгізу;
  • 1-4 сыныптарда математика пәнін тереңдетіп оқыту үшін «Сингапурлық математика» жүйесі енгізілген;
  • 1-10 сынып оқушыларына жобалық негіздегі оқыту (PBL) жүйесі іске асырылады;
  • Жоғары сыныптарда кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне дайындық өткізіледі.

Артықшылықтарымыз:

Seitzhan School-дың заманауи спорт базасы оқушылардың дене шынығуына толық жағдай жасайды:

  • Жүзу бассейні;
  • Дзюдо, таэквондо, футбол, волейбол және би залдары.

Сонымен қатар, мектеп оқушылардың қабілеттерін дамытатын түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады.

Шығармашылық бағыттар:

  • Музыка;
  • Домбыра;
  • Art-Studio;
  • Хореография;
  • Сән дизайны (Fashion Design);
  • Cooking Club;
  • Гитара;
  • Қолөнер.

Зияткерлік бағыттар:

  • English Club;
  • Intellectum;
  • Шахмат;
  • Робототехника;
  • Қазақ және ағылшын тілдерінде дебаттар;
  • Speaking Club.

Біз спорт, өнер және интеллектуалды сабақтарды біріктіріп, балаларыңыздың жан-жақты дамуына мүмкіндік жасаймыз. Қазірден бастап жазылыңыз және біздің үлкен отбасының бір бөлігі болыңыз!

Еліміздің білім беру жүйесіне тың серпінмен қадам басқан жаңа мектеп -«OKS  Education»  Seitzhan School»  білім беру ұйымы «Білім — Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының басқаруымен ағымдағы оқу жылы іске қосылды. Мектеп — Шымкент қаласы Абай ауданы, 189 орам, ғимарат 51/1 мекенжайында орналасқан 1000 орындық жекеменшік білім ошағы. Мектептің ең басты қағидасы – тәрбие, әр баланың жеке мүмкіндіктерін ашу және дамыту.