Бәсекеге қабілетті жаңашыл білім беру ордасы – «Seitzhan School» мектебі
Бимурзаева Айкерим Маханбетовна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Шымкент қаласы «OKS-Education» ЖШС-нің «Seitzhan School» мектебі – бүгінде бәсекеге қабілетті білім ордасы. Кешенде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде және жаңашыл форматта білім беруде, білім алушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы ресурстары болуы мүмкін. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда білім және тәрбие берудің барлық деңгейлері бойынша дәстүрлі тәжірибеге инновациялық көзқарастар тұрғысынан келу бағытын ұстану қалыптасты.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі заман да қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқа. Өйткені, олар өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя біледі. Ол үшін тәрбие беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды, әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер болып табылады.
«Seitzhan School» мектебі бала тәрбиесін жүйелі түрде ұйымдастыра отырып, кешенді түрде жан-жақты жоспарлап, жаңа технология үлгісінде тәрбиелік шараларды жүзеге асырып келеді. Жаңа инновациялық тәрбие берудегі ақпарат құралдарының рөлі мектеп үшін аса маңызды.
Мектеп – негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, сонымен қатар, «Білім-Инновация лицейі» ХҚҚ-ның жүйесімен білім алушының және оның ата-анасының білім алудағы сұранысын білім берудің вариативтілігін көтеру, білім беру кеңістігінің бірегейлігін сақтау арқылы кәсіби бейімдігі мен қабілетіне қарай жоғарғы деңгейде білім алу мүмкіндігін жасайтын және мәдени құндылықтарды сақтау, әлеуметтік-психологиялық, материалдық-техникалық жағдайды көтеру арқылы білім алушылармен педагогтардың жетістікке жетуін дамытуға арналған және ұзартылған күн тобы қарастырылған білім беру мекемесі. Бүгінде жаратылыстану-математика бағытындағы заманауи мектеп болып қалыптасып отыр. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай ақын айтқандай жақсы ұстаздар шоғырланған білім ордасы — «Seitzhan School» мектебі.
Мектептің білім алушылары қаланың әр мөлтек ауданынан келіп білім алады. Мектептің өз көліктерімен тасымалданады.
Бүгінде, мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жағдайы жасалып, қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталып оқушылар зейінін ашуға құрылтайшылар тарыпанан зор ықпал жасалып отыр.
Білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдығы – бастауыштан бастау алады. Келешекте баланың жалпы білім алуы мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынуының іргетасы, оның кей қасиеттері, өмірге деген көзқарасының, бейімділігінің, белсенділігінің қалыптасуы осы бастауышта қаланбақ. Демек, бастауышта негізгі міндет – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру. Ал осы міндеттерді жүзеге асыратын тұлға – Ұстаз.
Осы орайда, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдеріне тоқталып өтер болсақ, – «ҚР Білім беру ісінің қайраткері», «Үздік педагог», «Алтын құрсақты ана» төсбелгілерінің иегері – Озарбаева Салтанат Мәлікқызы, «Лучший педагог РК» төсбелгісінің иегері – Колесникова Наталья Юрьевна, «Пән олимпиадасының үздігі» төсбелгішесінің иегерлері – Тұрлыбек Айсауле, Асқарова Лаура, Надырбек Назерке, Наурызбаева Жадыра, Жұманова Айжан, Орманова Назима Аралбаевна, Түйменова Элмира, «ҚР Үздік педагогтер акдемиясының мүшесі» — Оспанова Мадина Муратовна және Ниязбек Мадина сынды ұстаздар қауымы алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың білімге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысын тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, ұйымдастыру формасын түрлендіре жүргізіп, шебер қабілеттерімен осы мектеп қабырғасында үлкен рөл атқарып жүр. Мектеп мұғалімдері қалалық іс-шараларда, өз ордасында өткізген қалалық жаңашыл сипаттағы семинарда біліктіліктерін дәлелдеп, тәжірибелерімен бөлісіп те үлгерді.